Біздің клуб туралы
DC President - Торайғыров университетінің ең белсенді пікірсайыс клубы туралы көбірек біліңіз
DC President
DC President — 2019 жылы негізі қаланған Торайғыров университетінің студенттік пікірсайыс клубы.
Біз үшін пікірсайыс — тек жарыс емес. Бұл өз ойыңды қалыптастыруға, оны дәлелдеуге және өзгелердің көзқарасын түсінуге мүмкіндік беретін орта.
Клубта студенттер пікірсайыс арқылы сыни ойлауын дамытып, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын жетілдіреді және командамен жұмыс істеуді үйренеді.
Біздің мақсатымыз — өз ойын еркін жеткізетін, дәлелмен сөйлейтін және әртүрлі көзқарасқа құрметпен қарайтын студенттер қауымдастығын қалыптастыру.
Біздің құндылықтар
Еркін ой
Әр адамның өз көзқарасы бар. Біз өз пікіріңді еркін білдіруге және оны дәлелдеуге мүмкіндік береміз.
Өзара құрмет
Пікірлер әртүрлі болуы мүмкін. Біз қарсы көзқарасты тыңдап, пікірталаста бір-бірімізді құрметтеуді үйренеміз.
Сыни ойлау
Ақпаратты талдаймыз, сұрақ қоямыз және кез келген пікірге дәлел тұрғысынан қараймыз.
Үздіксіз даму
Әр пікірсайыс — жаңа тәжірибе. Қателесуден қорықпай, әр кездесуден кейін өзімізді жақсартамыз.
Клуб басшылығы
Назымбек Данияр Серікұлы
президент
ӨРжА-401
Буын: аға
Дуисенали Заңғар
бас бапкер
Мат-301
Буын: орта
Дакебаева Назерке
координатор
Эк-201
Буын: орта
Ерсайын Айнұр
координатор
TOU
Буын: орта
Кəкім Перизат Серікқызы
Pr
Жур-401
Буын: аға
Алиппайқызы Феризат
Hr
Х-201
Буын: орта