Мамырдың 18 жұлдызында «Аманат» партиясының ауыспалы кубогына дебат турнирінің аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Турнирге “President ” және “Ақиқат” дебат клубтарының 8 командасы қатысты. “President” дебат клубының “Элита” фракциясы(Сахимзадинова Айсана, Ералы Нұрхан) 1-орынға ие болып, Тараз қаласының 28-29 мамырында өтететін Республикалық турниріне жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтай отыра, алдағы жарыстарға жеңіс тілейміз!