📅 14.11.2021 🏆 Open to NEW 🎯 2 орын
Республикалық турнирден екінші орын!🥈
13-14 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскемен қаласында "Open to NEW!" атты Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Карл Поппер форматында өткен пікірсайыста Дәлелхан Кенжебек, Ерболат Бекболат және Құралай Мержан екінші орын жүлдегері атанып, арнайы ақшалай сертификатқа ие болды!

Сонымен қатар Дәлелхан Кенжебек Қазақ лигасының Линкольн Дуглас форматындағы пікір-сайыстың финалисті атанды!