📅 19.09.2024 Аяқталды 📷 Instagram
Бүгін Торайғыров Университетінде Қазақстан студенттер альянсы мен «PRESIDENT» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында пікірсайыс турнирі өтті. Отырыс барысында 6 қазанда өтетін АЭС салу бойынша референдум тақырыбы талқыланды. Қатысушылар еліміздің экономикалық, экологиялық және энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді қозғай отырып, терең білімдері мен дәлелді пікірлерін көрсетті.

Пікірсайыс жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға мазмұнды және әсерлі пікірталастар үшін алғыс айтамыз!