Жетістіктер
Пікірсайыс турнирлеріндегі жеңістеріміз бен жетістіктеріміз
ТАҒЫ ДА ЖЕҢІС!!!🏆🏆
🏆 ALLIANCE CUP I
🎯 Жеңімпаз/үздік спикер
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде “ALLIANCE CUP I” дебат турнирі өз мәресіне жетті! 🏆 Турнир Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.
📅 16.05.2026
Толығырақ →
Ректор кубогына арналған «AQIQAT CUP XV» республикалық пікірсайыс турнирінен жүлделер!
🏆 AQIQAT CUP XV
🎯 3 орын және финалист
Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына орай Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ұйымдастырған ректор кубогына арналған «AQIQAT CUP XV» республикалық пікірсайыс турнирі өткен болатын.
📅 03.05.2026
Толығырақ →
«SHYN CUP II» республикалық пікірсайыс турнирінің нәтижелері
🏆 «SHYN CUP II» республикалық пікірсайыс турнирі
🎯 1/2 финалистер, 1/4 финалистер, Жастар алаңының финалисті
4–5 сәуір күндері Петропавл қаласында, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қабырғасында «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында ұйымдастырылған «SHYN CUP II» республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті.
📅 06.04.2026
Толығырақ →
TOU ЖАСТАРЫ ДЕБАТ ТУРНИРЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
🏆 DEBAT KOKTEMI V
🎯 Жеңімпаз, финалист, «Жастар алаңы» номинациясының жеңімпазы
Торайғыров университетінің жастары Семей қаласындағы Шәкәрім университеті базасында өткен DEBAT KOKTEMI V республикалық турниріне қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Білімді де бәсекелі ортада бақ сынаған студенттер тартысты пікірталас үлгісін көрсетіп, пікірсайыс мәдениетінің биік деңгейін танытты.
📅 02.03.2026
Толығырақ →
Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Тура жол» жобасы аясында «Лудомания» тақырыбы аясындағы дебат турнирінен жетістіктер!
🏆 «Лудомания» тақырыбында дебат турнирі
Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында @halykparty.pvl ұйымымен бірлесіп, «Тура жол» жобасы аясында «Лудомания» тақырыбында дебат турнирі өтті 🎤📚 Дебат турниріне 4 команда қатысып, жоғары дайындық деңгейін, дәлелді пікір айту қабілетін және мықты командалық жұмысты көрсетті 👏✨
📅 29.01.2026
Толығырақ →
🏆 НӘТИЖЕ | DILMAR CUP VI
🏆 DILMAR CUP VI
🎯 Финалист
13–14 желтоқсан күндері Өскемен қаласында, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ базасында «Ділмәр» дебат клубының ұйымдастыруымен «DILMAR CUP VI» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
📅 14.12.2025
Толығырақ →