Жетістіктер
Пікірсайыс турнирлеріндегі жеңістеріміз бен жетістіктеріміз
Республикалық турнирден үшінші орын🥉
🏆 «Ақиқат негізі - білім» атты Республикалық пікір-сайыс турнирі
🎯 3 орын
16-17 сәуір күндері Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 50 жылдығына орай «Ақиқат негізі - білім» атты Республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Турнирге 24 команда қатысып бақтарын сынады. Турнир қорытындысы бойынша Дәлелхан Кенжебек, Ерболат Бекболат 3-орынға ие болып , ақшалай сыйлықпен мараптталды🎉
📅 17.04.2022
Толығырақ →
Республикалық турнирден екінші орын 🥈
🏆 PARASAT CUP-2022
🎯 2 орын
9-10 сәуір күндері “АМАНАТ” партиясы Қостанай облыстық филиалының қаржыландыруымен, “Парасат” ДК ұйымдастырған “Балалар жылы: Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта” атты “PARASAT CUP-2022” республикалық дебат турнирі өтті. Турнирге 8 қаладан жалпы 32 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 2-орынға “Элита” фракциясы Ералы Нұрхан мен Сахимзадинова Айсана қол жеткізіп, ақшалай жүлдеге ие болды
📅 10.04.2022
Толығырақ →
Республикалық турнирден II орын!
🏆 «Тіл білімінің атасы» атты республикалық пікірсайыс турнирі
🎯 2 ОРЫН, ЖФ
26-27 ақпанда Қостанай қаласында А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Тіл білімінің атасы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Павлодар, Қарағанды, Семей, Астана,Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларынан спикерлер қатысып, бақтарын сынаған болатын.
📅 27.02.2022
Толығырақ →
Республикалық турнирдің финалисттері атандық!🥈
🏆 Kongress cup VII
🎯 Финалист
13-14 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде "Kongress cup VII" атты Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Нұр-Сұлтан, Павлодар,Семей,Алматы қалаларының пікірсайысшылары қатысқан болатын. Турнир қорытындысы бойынша Жақсылық Бекхан мен Сланбек Елемес финалист атанды! Сонымен қатар Жақсылық Бекхан 56 спикер арасында үздік алтылыққа енді!
📅 14.11.2021
Толығырақ →
Республикалық турнирден екінші орын!🥈
🏆 Open to NEW
🎯 2 орын
13-14 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскемен қаласында "Open to NEW!" атты Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Карл Поппер форматында өткен пікірсайыста Дәлелхан Кенжебек, Ерболат Бекболат және Құралай Мержан екінші орын жүлдегері атанып, арнайы ақшалай сертификатқа ие болды! Сонымен қатар Дәлелхан Кенжебек Қазақ лигасының Линкольн Дуглас форматындағы пікір-сайыстың финалисті атанды!
📅 14.11.2021
Толығырақ →
ЛД финал
🏆 Atyrau CUP IV
🎯 ЛД - 2 орын
30-31 қазан күні Атырау қаласында Бопылдықов Асқар Төребайұлы атындағы «Atyrau CUP IV» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Республикалық турнирге 11 облыстан құралған 44 команда қатысты.
📅 10.11.2021
Толығырақ →